1. «Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11206 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 10.11.2020
«Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 қарашадағы № 728 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қарашада № 16033 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 10 қарашадан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 28.10.2020 жылғы № 745 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (А.Х. Базылбеков) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі, елтаңбалық мөрмен расталған көшірмесін ресми жариялау үшін жәнеҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жолдауды;
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі __________ Е. Біртанов 2017 жылғы 14 қараша
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі __________ Т. Дүйсенова 2017 жылғы 6 қараша
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі __________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы 17 қараша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 қарашадағы № 728 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығымен бекітілген
Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Полная версия