Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.01.2020
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсынудың кейбiр мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 579 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қарашада № 16014 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 3 қантардан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.12.2019 жылғы № 919 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 21.07.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының 163-5 және 163-9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.05.2018 жылғы № 406 Бұйрығына сәйкес (29.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.05.2018 жылғы № 406 Бұйрығына сәйкес (29.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-1) Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алуға арналған құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес;
1-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.05.2018 жылғы № 406 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімнің үлгілік нысаны бекітілсін.
2. «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 789 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11872 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 21 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;  
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.  
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Инвестициялар және даму  министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
 ___________Б. Сұлтанов  
2017 жылғы 31 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 ___________Т. Сүлейменов
2017 жылғы 6 қараша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 29 тамыздағы
№ 579 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша алынып тасталды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.05.2018 жылғы № 406 Бұйрығына сәйкес (29.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2017 жылғы
29 тамыздағы № 579
бұйрығына
1-1-қосымша
Осы Бұйрық 1-1-қосымшамен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.05.2018 жылғы № 406 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi