Близость слов: Окончание:





Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 Қаулысы
Редакция 16.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 94-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесі;
2) иеліктен шығаруға жатпайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 927 қаулысымен
бекітілген
Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесі
1. Жер (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздерде, шарттарда және шектерде жеке меншікте болуы мүмкін жерден басқа), оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар.
2. Мемлекеттік қадағалау желісі және оның мүлкі.
3. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері.
4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес оларды кері сатып алу міндеттемесімен мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоспағанда), ішкі су жолдары және оларда орналасқан кеме қатынасы үшін пайдаланылатын кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстары, маяктар, кеме қатынасының қауіпсіздігін реттейтін және оған кепілдік беретін құрылғылар мен навигациялық белгілер, шлюздер, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты инженерлік желілер, сондай-ақ метрополитен.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары.
6. Қаланың, ауданның қызмет көрсететін аумағындағы жалғыз мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы болып табылатын, ауылда медициналық-санитариялық алғашқы көмек, мамандандырылған көмек көрсететін (қан, ана мен баланы қорғау, радиациялық медицина орталықтары, онкологиялық, туберкулез, АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарды және инфекциялық, психикалық науқастарды емдеу объектілері) денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ балаларға арналған санаторийлер, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген адамдарға арналған госпитальдар.
7. Халықты әлеуметтік қорғау объектілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері, сондай-ақ қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар)1  .
1  Бұл тармақ 2020 жылға дейін қолданылады.
8. Мемлекеттік меншік болып табылатын және азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету мен жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкі, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызметтің объектілері мен мүлкі.
9. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті қоспағанда, мемлекеттік меншік болып табылатын, экономика салаларының ұйымдарына жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген және қорғаныс мұқтаждарын қамтамасыз етуге және жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған объектілер мен мүлік.
10. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті қоспағанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітілген әскери мүлік.
11. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған немесе құрылатын ұйымдар.
12. Арнаулы мемлекеттік органдар бейбіт уақытта пайдаланбайтын жылжымайтын мүлік.
13. Мемлекет меншігіндегі Ұлттық архив қорының құжаттары, сондай-ақ мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарының ғимараттары, үй-жайлары мен жабдықтары.
14. Мемлекет меншігіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттары.
15. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін мемлекеттік ұйымдар.
16. Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекет меншігіндегі ұлттық мәдени игілік объектілері, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа субъектілерге тиесілі емес тарих және мәдениет ескерткіштері.
17-1. Мынадай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының акциялары:
Тізбе 17-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.03.2022 жылғы № 154 Қаулысына сәйкес
17-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.11.2022 жылғы № 868 Қаулысымен (24.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.10.2023 жылғы № 881 Қаулысына сәйкес (03.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
17-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2024 жылғы № 105 Қаулысымен (06.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)
17-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2024 жылғы № 320 Қаулысымен (20.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)
17-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.07.2024 жылғы № 567 Қаулысымен (24.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қарағанды индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».
«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
18. Атом энергиясын пайдаланатын объектілер:
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.12.2019 жылғы № 903 Қаулысына сәйкес (29.12.2017ж. редакцияны қараңыз)
1) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қарамағындағы атом энергиясын пайдаланатын объектілер:
радиохимиялық кешен (24, 24а ғимараттары);
У-150М циклотроны базасындағы үдеткіш кешені;
ядролық жарылыстар жүргізілетін технологиялық алаңдар – «Лира» объектілері;
2) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қарамағындағы атом энергиясын пайдаланатын объектілер;
«Бурабай» геофизикалық обсерваториясы.
19. Аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштары мен өнеркәсiптiк микроорганизмдер коллекциясы және депозитарийлерi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 927 қаулысымен
бекітілген
Иеліктен шығаруға жатпайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесі
3. Магистральдық құбырлар (мұнай құбырлары мен газ құбырлары).
4. Биологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми және өндірістік қызметпен айналысатын, сондай-ақ қызметін аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштары мен өнеркәсiптiк микроорганизмдер коллекциясымен және депозитарийлерiмен жүзеге асыратын объектілер мен ұйымдар.
Тізбе 4-жолмен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.12.2021 жылғы № 910 Қаулысына сәйкес
Полная версия
ИС BestProfi