Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 94-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.06.2025 жылғы № 487 Қаулысына сәйкес (26.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) иеліктен шығаруға жатпайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесі бекітілсін.
1. Жер (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздерде, шарттарда және шектерде жеке меншікте болуы мүмкін жерден басқа), оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар.
4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес оларды кері сатып алу міндеттемесімен мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоспағанда), ішкі су жолдары және оларда орналасқан кеме қатынасы үшін пайдаланылатын кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстары, маяктар, кеме қатынасының қауіпсіздігін реттейтін және оған кепілдік беретін құрылғылар мен навигациялық белгілер, шлюздер, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты инженерлік желілер, сондай-ақ метрополитен.
6. Қаланың, ауданның қызмет көрсететін аумағындағы жалғыз мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы болып табылатын, ауылда медициналық-санитариялық алғашқы көмек, мамандандырылған көмек көрсететін (қан, ана мен баланы қорғау, радиациялық медицина орталықтары, онкологиялық, туберкулез, АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарды және инфекциялық, психикалық науқастарды емдеу объектілері) денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ балаларға арналған санаторийлер, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген адамдарға арналған госпитальдар.
7. Халықты әлеуметтік қорғау объектілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері, сондай-ақ қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар)1 .
8. Мемлекеттік меншік болып табылатын және азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету мен жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкі, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызметтің объектілері мен мүлкі.
9. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті қоспағанда, мемлекеттік меншік болып табылатын, экономика салаларының ұйымдарына жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген және қорғаныс мұқтаждарын қамтамасыз етуге және жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған объектілер мен мүлік.
10. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті қоспағанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітілген әскери мүлік.
13. Мемлекет меншігіндегі Ұлттық архив қорының құжаттары, сондай-ақ мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарының ғимараттары, үй-жайлары мен жабдықтары.
15. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін мемлекеттік ұйымдар.
16. Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекет меншігіндегі ұлттық мәдени игілік объектілері, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа субъектілерге тиесілі емес тарих және мәдениет ескерткіштері.
17-1. Мынадай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының акциялары:
Тізбе 17-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.03.2022 жылғы № 154 Қаулысына сәйкес
17-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.11.2022 жылғы № 868 Қаулысымен (24.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.10.2023 жылғы № 881 Қаулысына сәйкес (03.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
17-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2024 жылғы № 105 Қаулысымен (06.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)
17-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2024 жылғы № 320 Қаулысымен (20.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)
17-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.07.2024 жылғы № 567 Қаулысымен (24.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)
17-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.05.2025 жылғы № 368 Қаулысымен (16.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)
17-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2025 жылғы № 897 Қаулысына сәйкес (04.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.12.2019 жылғы № 903 Қаулысына сәйкес (29.12.2017ж. редакцияны қараңыз)
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.08.2025 жылғы № 588 Қаулысына сәйкес (27.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қарамағындағы атом энергиясын пайдаланатын объектілер:
2) «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қарамағындағы атом энергиясын пайдаланатын объектілер:
4. Биологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми және өндірістік қызметпен айналысатын, сондай-ақ қызметін аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштары мен өнеркәсiптiк микроорганизмдер коллекциясымен және депозитарийлерiмен жүзеге асыратын объектілер мен ұйымдар.
Тізбе 4-жолмен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.12.2021 жылғы № 910 Қаулысына сәйкес
5. Меншік құқығында «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қарамағындағы халықаралық көлік-логистика орталығының объектілері (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелері).
Осы Тізбе 5-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 27.06.2025 жылғы № 487 Қаулысына сәйкес (өзгерту 13.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)