Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.11.2020
«Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 шілдедегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының № 627 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 874 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 21 желтоқсанда № 16113 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 29 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-190/2020 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 81) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.«Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 шілдедегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының № 627 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11976 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларына:
«13) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру субъектісі (бұдан әрі - АС) - мемлекеттік органдар, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін жеке және заңды тұлғалар;»;
«16) Жұмыс органы – Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражатының есебінен шетелге емделуге жіберу мәселелері жөніндегі үйлестіруші орган;»;
«19) кешенді тариф – Денсаулық сақтау кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес лимфоидты және қан өндіретін тіннің қатерлі ісіктері бар науқастардан басқа, Онкологиялық науқастардың электронды тіркелімінде (бұдан әрі – СНЭТ) тіркелген бір онкологиялық науқасқа есептегендегі ТМККК медициналық қызметтер кешенінің құны;»;
«қосалқы мердігер – қосалқы мердігерлік шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;»;
2-тармақтың 24) тармақшасы алып тасталсын;
«4. Шығындарды өтеу Денсаулық туралы кодекстің 23-бабының 2-тармағының негізінде әкімші бекіткен тарифтер бойынша орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актілерінің негізінде жүзеге асырылады.»;
«6. ТМККК көрсететін ұйымдарға Тарифтерді қалыптастыру әдістемесімен сәйкес тарифтерге енгізілген ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметіне байланысты шығындар өтеледі.
Мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы ТМККК көрсететін ұйымдар коммуналдық қызметтерге, ғимаратты, құрылыстар мен жабдықтарды ағымдағы жөндеуге ақы төлеуге арналған шығыстардың ұлғаюына байланысты ТМККК көрсетуге арналған шарт сомасы асқан жағдайда, осы шығыстарды өтеу жергілікті өкілді органның шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті бюджеті қаражатынан жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi