1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15009 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2018
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 715 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 16155 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 18 маусымнан бастап ҚР Қорғаныс министрінің 16.05.2018 жылғы № 322 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесінде:
«6. Бағалауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Бағалау жөніндегі комиссияны құрады, оның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті (бұдан әрі – Кадрлар департаменті) болып табылады.»;
«Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы Кадрлар департаменті кадрлармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды»;
«13. Жеке жоспар екі данада жасалады. Бір данасы Кадрлар департаментіне беріледі. Екінші данасы «Б» корпусы қызметшісі құрылымдық бөлімшесінің басшысында болады»;
«14. Кадрлар департаменті:
1) Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасымен келісу бойынша бағалау жүргізу кестесін жасайды;
2) бағалануға тиіс «Б» корпусының қызметшісін және бағалауды жүзеге асыратын адамдарды бағалауды жүргізу басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын бағалау жүргізілетіні туралы хабардар етеді және толтыру үшін оларға бағалау парақтарын жолдайды.»;
«Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпарат көздері ретінде Кадрлар департаментінен, «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысынан құжат түрінде расталған мәліметтер болады.»;
«24. Тікелей басшы Кадрлар департаменті ұсынған «Б» корпусы қызметшісінің еңбек және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері туралы мәліметтерді ескере отырып, бағалау парағын онда ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы мәніне қарайды, оған түзетулер (бар болған жағдайда) енгізеді және оны келіседі.»;
«Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жолдау үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадрлар департаменті және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасайды.»;
«Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жолдау үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадрлар департаменті және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасайды.»;
«31. Кадрлар департаменті «Б» корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай формула бойынша есептейді:
∑жыл=0.4 * ∑т. + 0,6 * ∑жж
мұнда:
∑жыл– жылдық баға;
∑т – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).»;
«33. Кадрлар департаменті Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес Бағалау нәтижелерін қарау жөніндегі комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Кадрлар департаменті Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын ұсынады.»;
«35. Кадрлар департаменті «Б» корпусының қызметшісін ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бағалау нәтижелерімен таныстырады.
«Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электрондық нысанда жүзеге асырылады.
«Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізу үшін кедергі болып табылмайды. Бұл жағдайда Кадрлар департаментінің жұмыскері еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасайды.
36. Осы Әдістеменің 33-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Кадрлар департаментінде сақталады.»;
«41. «Б» корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалау қорытындылары бойынша «Б» корпусы қызметшісінің жұмысы қанағаттанарлықсыз болып танылған Кадрлар департаментінің бағыты бойынша жүргізіледі.».
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов
БЕКІТЕМІН Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әкімшілік департаментінің бастығы полковник Р. Әбілдаев 2017 ж. «_____» __________________
Тарату есебі:
1. ӘД |
– 1 дана |
2. ХЫД |
– 1 дана |
3. ЗД |
– 1 дана |
4. КД |
– 1 дана |
5. БҒД |
– 1 дана |
6. ЭҚД |
– 1 дана |
7. БҚИ |
– 1 дана |
8. Резерв |
– 3 дана |
Жиыны: |
– 10 дана |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Кадрлар департаментінің бастығы
әділет полковнигі Қ. Көпбаев
Орынд. Г.Х. Меңдіғалиева
тел. 2-13-96
Полная версия