"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулысы
Редакция 27.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулысымен бекітілген
Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.07.2022 жылғы № 477 Қаулысымен (26.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.06.2025 жылғы № 430 Қаулысына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
|
Р/с № |
Атауы |
|
1 |
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің «Алматы – Қорғас» автомобиль жолы учаскесінде «НҰР ЖОЛЫ» автомобиль өткізу пунктін салу және пайдалану |
|
2 |
Көкшетау қаласында 630 орындық көпбейінді аурухананы салу және пайдалану |
|
3 |
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ)» автомобиль жолын салу және пайдалану |
|
4 |
Алматы қаласында 300 орындық көпбейінді университет ауруханасын салу және пайдалану |
|
5 |
Қарағанды қаласында 300 орындық көпбейінді университет ауруханасын салу және пайдалану |
Полная версия

