Близость слов: Окончание:





Электрондық құжат айналымының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 943 Қаулысы
Редакция 30.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң уақытша Регламентi;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі уақытша нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулының 1-тармағында аталған құқықтық актілер қолданысының аяқталу мерзімі 2018 жылғы 30 маусым болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң уақытша Регламентi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі уақытша нұсқаулық Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобалары бойынша қағазсыз құжат айналымын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктеріне және Астана қаласының әкімдігіне қолданылсын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысымен (02.06.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы №355 Қаулысымен (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен және «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, ақпараттық жүйелер мен жабдықтарды техникалық сүйемелдеуді, сондай-ақ мемлекеттік органдарда қағазсыз құжат айналымын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде электрондық құжаттардың сақталуын қамтамасыз етсін.
7. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
8. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
9. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
 Қазақстан Республикасы  
 Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 943 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң  уақытша Регламентi
1. Осы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң уақытша Регламентi (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктерінің, Астана қаласы әкімдігінің Үкімет қаулыларының жобалары бойынша қағазсыз іс жүргізу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылын реттейді.
2. Осы Регламентте реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентімен және басқа құқықтық актілермен реттеледі.
Полная версия
ИС BestProfi