Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.07.2020
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында  көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің  2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 11 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 16350 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 09 шілдеден бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 07.07.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 мамырда № 11212 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г.І. Көбенова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;  
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
 5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
«КЕЛІСІЛДІ 
Қазақстан Республикасының  
Ақпарат және коммуникациялар  
 министрі   
 _________________ Д. Абаев
2018 жылғы 26 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»  
Қазақстан Республикасының  
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
 _________________ Р. Дәленов
2018 жылғы 23 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 11
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
 2015 жылғы 9 сәуірдегі №186
бұйрығына 1-қосымша
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру  туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Полная версия
ИС BestProfi