Близость слов: Окончание:





Шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 97 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 ақпанда № 16374 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 08.10.2021 жылғы № 1040 Бұйрығына сәйкес (01.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2022 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 190-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 08.10.2021 жылғы № 1040 Бұйрығына сәйкес (01.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысаны бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 08.10.2021 жылғы № 1040 Бұйрығына сәйкес (01.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 2. «Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 86 бұйрығының («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10458 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Тенгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық және қағаз түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 97 бұйрығымен бекітілген
Шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясаты
Нысан жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 08.10.2021 жылғы № 1040 Бұйрығына сәйкес (01.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 ________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/салық төлеушінің атауы) 
1. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ________________________________________________________________________________ 
2. Жүзеге асыратын қызметтің түрі ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ 
3. Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі* ________________________________________________________________________________ (бөлек, барабар)
4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 203-бабының 2-тармағына сәйкес қорлардың өзіндік құнын айқындау әдісі**: _______________________________________________________________________________ 
5. Нысандары дербес әзірленген салық тіркелімдерінің тізбесі*** 
1) ______________________________________________________________________________ 
2) ______________________________________________________________________________ 
3) ______________________________________________________________________________ 
6. Шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салықтық есепке алуды Салық кодексінің 215-бабына сәйкес салықтық тіркелімдерде жүргізеді. Шағын бизнес субъектілері үшін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілері болып табылатын дара кәсіпкерлер салықтық есепке алуды осы нысанға қосымшаға сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге арналған салықтық есепке алу Кітабы бойынша жүргізеді. 
7. Салықтық есепке алу саясатын сақтауға жауапты адам: ________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) ________________________________________________________________________________ (лауазымының атауы) 
8. Салықтық есепке алу саясатын қабылдау күні 20__ жылғы «__»
* Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер толтырмайды;
** Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер ғана толтырады;
*** Салық кодексінің 215-бабы 1-тармағына сәйкес нысандарын уәкілетті орган белгілеген салық тіркелімдеріне салық төлеушілер дербес әзірлеген қосымша салық тіркелімдері болған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын, Салық кодексінің 203-бабы 2-тармағына сәйкес тауарлар өндіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ орташа өлшемді құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер толтырады.
Шағын бизнес субъектілері үшін
патент, оңайлатылған декларация
негізінде немесе арнаулы мобильді
қосымша пайдаланылатын арнаулы
салық режимін қолданатын дара
кәсіпкерлер үшін салықтық есепке
алу саясатының нысанына
қосымша
Шағын бизнес субъектілері үшін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге арналған салықтық есепке алу кітабы

Дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________________________________________________________________________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

Жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтің түрі

______________________________________________________________________________________________ Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік:

сериясы ________ нөмірі ________ берілген күні ________ есепке қойылған күні ________

Қызметтің басталу және аяқталу күні______________________________________________

Күні

Өткізу жөніндегі айналымдар

Өнім берушілер берген шот-фактуралар бойынша айналым

Операциялардың атауы

Жалпы сомасы

Оның ішінде

Операциялардың атауы

Қосылған құн салығынсыз құны

Қосылған құн салығының сомасы

Қосылған құн салығы салынатын айналым

Қосылған құн салығының сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

 

Бір күнде жиыны


 


 


 


 


 


 

 

Бір айда жиыны


 


 


 


 


 


 

 

Бір тоқсанда жиыны


 


 


 


 


 


 


 

Бір жарты жылдын жиыны


 


 


 


 


 


 

 

Бір жылда жиыны


 


 


 


 


 


 

Ескертпе: Кітап күн сайын, жұмыс күнінің соңында қорытындыны шығара отырып хронологиялық тәртіппен толтырылады. Айдың, тоқсанның, жарты жылдың, жылдың соңында ай, тоқсан, жарты жыл, жыл үшін қорытынды деректер шығарылады.
Полная версия
ИС BestProfi