Кейбір кедендік құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 ақпанда № 16365 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 404-бабы 7-тармағына, 415-бабының 5-тармағына, 532-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 29.03.2023 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (01.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 29.03.2023 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (01.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға келісім беру туралы міндеттеме нысаны.
1) «Үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 415 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6454 болып тіркелген, 2010 жылғы 28 қырқүйектегі №390-393 (26236)) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы №139 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13622 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылдың 7 маусымында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісін реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 415-бабының сәйкес үй-жайлар мен аумақтарға кедендік қарап-тексеру жүргізілсін:
3х4 Берілді _________________________________ фото Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) орны Ұйымның атауы____________________________ Лауазымы ________________________________ Кедендік бақылау аймағы _________________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 110 бұйрығына
5-қосымша
Осы Бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды ҚР Премьер Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 29.03.2023 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 11.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға келісім беру туралы міндеттеме
___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_________________________________________________________ тұлғасында (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында, егер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мұндай кедендік декларацияны толтыру жөнелту (шығарылған, транзит) елінде көзделсе, тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға міндеттенеді.
Қолы _____________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Күні ______________________________________________