Редакция 19.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2020
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына 14-қосымша
14-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрық 14-қосымшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 08.01.2018 жылғы № 6 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп айырысу әдістемесін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (08.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп айырысу әдістемесін келісу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (08.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп айырысу әдістемесіне келісім-хат, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (08.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтініштерді қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхатпен көрсетілетін қызметті алушының өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезіндегі есеп айырысу әдістемесінің көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын, және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы, немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), шығыс нөмірі мен күні пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға Портал арқылы жіберген кезде «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы немесе Портал арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
14. Мүмкіндіктері шектеулі қызметті алушыларға (олардың өкілдеріне) мемлекеттік қызметті көрсетудің олар қызмет берушіге жүгінген жағдайда ерекшелігі: «Министрліктер үйі» ғимараты он төртінші және он бесінші кіреберістер аралығында орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жеке есікпен жабдықталған.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында – www.energo.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында www.kaenk.energo.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде осы стандарттың 17-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.
«Аккредиттелген ұйым ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде ұсынған есеп айырысу әдістемесін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (08.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Кімге: _____________________________
(уәкілетті орган басшысының
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
Кімнен:__________________________
(заңды тұлға басшысының
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы (болған жағдайда)
Деректемелер:____________________
(бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
__________________________________
( мекенжайы, байланыс телефоны)
Өтініш
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп айырысу әдістемесін келісуді сұраймын.
Өтінішке ядролық, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп айырысу әдістемесі қоса беріледі.
Заңды тұлғаның басшысы __________________________________ ________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Толтырылған күні 20__жылғы «_____» ___________
Полная версия