Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарлары және оның аумақтық департаменттерінің басшылары мен басшы орынбасарларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жауапты хатшысының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 284  бұйрығы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарлары және оның аумақтық департаменттерінің басшылары мен басшы орынбасарларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.  
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарлары және оның аумақтық департаменттерінің басшылары мен басшы орынбасарларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жауапты хатшысының 2016 жылғы 12 сәуірдегі  № 276 бұйрығының күші жойылсын.  
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2017 жылғы 11 мамырдағы №02-1-13/2618 хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
жауапты хатшысының
2017 жылғы « ____ » __________
№ ____ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарлары және оның аумақтық департаменттерінің басшылары мен басшы орынбасарларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  
Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарының біліктілік талаптары (1 бірлік), С-1 санаты, 19-2

Өлшем шарттары

Талаптар


 

Білімі

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес ( экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару ) немесе д енсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше экономика немесе қоғамдық денсаулық сақтау бойынша магистр дәрежесінің болуы.

Кәсіби құзіреттері

Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Сонымен қатар, осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзіреттердің болуы: қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделділік, өздігінен даму, адалдық, жауапкершілік, стресске орнықтылық.

Жұмыс тәжірибе сі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі.

Функциялық міндеттері

Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмысын медициналық қызметке ақы төлеу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесін дамыту стратегиясына және денсаулық сақтау ресурстарын қаржыландыру мен басқару тетіктерін жетілдіруге қатысу; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру және шығындарды жоспарлау әдістемесін әзірлеуге қатысу; медициналық қызметтердің тиімділігін, толықтығын және стандарттарға сәйкестігін көрсететін индикаторларды пайдалана отырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілері қызметінің тиімділігін бағалауға бірыңғай тәсілдерді әзірлеу; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер шығындарын жоспарлау бойынша қызметтерді үйлестіруді жүргізу; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тарифтерді қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жасау жөніндегі қызметті үйлестіру; медициналық көмек көрсету мен қаржыландыруды жетілдіруге бағытталған кеңестерді, семинарларды, конференцияларды және басқа да іс-шараларды жүргізуге қатысу; б ағдарламалық және стратегиялық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; республикалық бюджет қаражатынан ТМККК көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыру; республикалық бюджет қаражатынан ТМККК көрсету бойынша шығындарды өтеуді жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын әзірлеу; мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мониторинг жүргізу; ТМККК шеңберінде жасалған шарттар бойынша медициналық көмек көлемінің көрсетілуіне және ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу; республикалық бюджет қаражатының есебінен ТМККК шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтердің мөлшерін әзірлеуге қатысу; өз құзыреті шегінде нормативті құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; құзіреті шегінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  
Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарының біліктілік талаптары (1 бірлік), С-1 санаты, 19-3

Өлшем шарттары

Талаптар


 

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету ету (медицина) (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес ( экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару ) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше қоғамдық денсаулық сақтау немесе экономика бойынша магистр дәрежесінің болуы.

Кәсіби құзіреттері

Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Сонымен қатар, осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзіреттердің болуы: қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделділік, өздігінен даму, адалдық, жауапкершілік, стресске орнықтылық.

Жұмыс тәжірибе сі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі.

Функциялық міндеттері

ТМККК шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер көлемін бақылау мәселелері бойынша Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің сараптамалық жұмысын үйлестіру; ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүргізудің уақтылы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; ТМККК медициналық қызметтерін сараптау әдістемесін әзірлеуді және жетілдіруді жүзеге асыру; емделіп шыққан науқастардың дерекқоры негізінде өңірлер мен қызметтер берушілер бөлінісіндегі сараптамалық жұмыстың нәтижелеріне мониторинг жүргізу; амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың базасында кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша қаржыландыруды бағалауға мониторинг жүргізу; медициналық көмек көрсетудің деңгейлері бойынша жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызуды көрсетуге бағалау жүргізу; ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тұрақты мониторинг пен бақылау жүргізу; медициналық көмек көрсету мен қаржыландыруды жетілдіруге бағытталған кеңестерді, семинарларды, конференцияларды және басқа да іс-шараларды жүргізуге қатысу; б ағдарламалық және стратегиялық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын әзірлеу; ТМККК шеңберінде жасалған шарттар бойынша көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бағалауды жүзеге асыру; азаматтық заңнамаға сәйкес ТМККК шеңберінде жасалған шарттар бойынша көрсетілген медициналық көмектің барысы мен сапасына тексеруді жүзеге асыру; жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті бойынша ТМККК шеңберінде жұмыстың түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағдарланған медициналық ұйымдар қызметкерлерін ынталандыруға мониторинг және талдау жүргізу; Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің (бұдан әрі – БҰДЖ) шеңберінде іске асырылатын бағдарламалар мен бағыттардың орындалуына мониторинг жүргізу; республикалық бюджет қаражатының есебінен ТМККК шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтердің мөлшерін әзірлеуге қатысу; өз құзыреті шегінде нормативті құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; құзіреті шегінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  
Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаментінің басшысының біліктілік талаптары (16 бірлік), С-О-1 санаты,  
19-04-1, 19-05-1, 19-06-1, 19-07-1, 19-08-1, 19-09-1, 19-10-1, 19-11-1, 19-12-1, 19-13-1, 19-14-1, 19-15-1, 19-16-1, 19-17-1, 19-18-1, 19-19-1

Өлшем шарттары

Т алаптар


 

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес ( экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару ) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше қоғамдық денсаулық сақтау немесе экономика бойынша магистр дәрежесінің болуы.

Кәсіби құзіреттері

Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Сонымен қатар, осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзіреттердің болуы: қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделділік, өздігінен даму, адалдық, жауапкершілік, стресске орнықтылық.

Жұмыс тәжірибе сі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі.

Функциялық міндеттері

Комитеттің аумақтық департаментінің қызметіне жалпы басшылық ету; ТМККК қызметтер берушісін таңдау және оның шығындарын өтеу жұмыстарын ұйымдастыру; ТМККК сараптама жүргізу; қызметтер берушілерге экономикалық ықпал ету шараларын қолдану, бөлінген бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды және игеруді қамтамасыз ету; ТМККК шеңберінде медициналық қызметке ақы төлеу, БҰДЖ-ды қаржыландыру және ақпараттық-талдамалы сүйемелдеу тетігін жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, мемлекеттік кәсіпорындармен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерімен, ғылыми және ақпараттық орталықтармен, меншік нысанына қарамастан медициналық кәсіпорындармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; Комитетке талдамалы және басқа да есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету; кадрды іріктеу және орналастыру; Департамент мамандары арасында міндеттерді бөлу; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; құзіреті шегінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; аумақтық департамент кадр құрамының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жұмыс жасауға дайындау шараларын қабылдау.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  
Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаментінің басшы орынбасарының біліктілік талаптары (16 бірлік), С-О-2 санаты,  
19-04-2, 19-05-2, 19-06-2, 19-07-2, 19-08-2, 19-09-2, 19-10-2, 19-11-2, 19-12-2, 19-13-2, 19-14-2, 19-15-2, 19-16-2, 19-17-2, 19-18-2, 19-19-2

Өлшем шарттары

Талаптар


 

Білімі

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес ( экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару ) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе жаратылыстану (математика, информатика, физика, химия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше экономика немесе қоғамдық денсаулық сақтау бойынша магистр дәрежесінің болуы.

Кәсіби құзіреттері

Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Сонымен қатар, осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзіреттердің болуы: қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделділік, өздігінен даму, адалдық, жауапкершілік, стресске орнықтылық.

Жұмыс тәжірибе сі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі.

Функциялық міндеттері

Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша алдағы кезеңге жоспарланып отырған бюджет қаражатын келісу; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалардың міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға қатысу; ТМККК шеңберіндегі медициналық қызметтер берушілерін уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету; медициналық қызметке ақы төлеу және ТМККК шеңберінде қызметтер берушіні таңдау жұмысын ұйымдастыруға қатысу; бөлінген бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды және игеруді қамтамасыз ету; ТМККК сараптама жүргізу; денсаулық сақтау субъектілеріне экономикалық ықпал ету шараларын қолдану, жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатының уақтылы игерілуін болжау; өңірді ТМККК қаржыландыру нәтижесі бойынша медициналық-экономикалық талдау жүргізу; б астапқы медициналық құжаттама мен емделіп шыққан науқастардың дерекқоры негізінде ТМККК бақылау жүргізу; ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерге ақы төлеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, мемлекеттік кәсіпорындармен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерімен, ғылыми және ақпараттық орталықтармен, меншік нысанына қарамастан медициналық кәсіпорындармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; құзіреті шегінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  
Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті басшыcы орынбасарының біліктілік талаптары (2 бірлік), С-О-2 санаты,  

Өлшем шарттары

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес ( экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару ) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше қоғамдық денсаулық сақтау немесе экономика бойынша магистр дәрежесінің болуы.

Кәсіби құзіреттері

Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Сонымен қатар, осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзіреттердің болуы: қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделділік, өздігінен даму, адалдық, жауапкершілік, стресске орнықтылық.

Жұмыс тәжірибе сі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі.

Функциялық міндеттері

ТМККК шеңберінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмекті көрсету бойынша медициналық қызмет берушіні таңдау және ақысын төлеу жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу; медициналық қызмет көлемдерін жоспарлау бойынша ұсынымдар дайындау; мемлекеттік органдармен, мемлекеттік кәсіпорындармен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерімен, ғылыми және ақпараттық орталықтармен, меншік нысанына қарамастан медициналық кәсіпорындармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; Комитетке есептер мен талдауды уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету; бастапқы медициналық құжаттама мен емделіп шыққан науқастардың дерекқоры негізінде ТМККК-ға бақылау жүргізу; ТМККК ақауларына құрылымдық талдаудың жүзеге асырылуын бақылау; төсек қорын оңтайландыру бойынша ұсынымдарды жасау арқылы стационарлық көмек көрсетуді талдау; денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелердің жұмысын онтайландыру бойынша ұсынымдар дайындау; өз құзыреті шегінде нормативті құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; құзіреті шегінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

р/с

Атауы

Беті

  1.  

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарлары және оның аумақтық департаменттерінің басшылары мен басшы орынбасарларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақ тау министрлігі жауапты хатшысының бұйрығының жобасы

1-2

  1.  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарының біліктілік талаптары (1 бірлік), С-1 санаты, 19 -2

3

  1.  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарының біліктілік талаптары (1 бірлік), С-1 санаты, 19 -3

4

  1.  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаментінің басшысының біліктілік талаптары (16 бірлік), С-О-1 санаты, 19-04-1, 19-05-1, 19-06-1, 19-07-1, 19-08-1, 19-09-1, 19-10-1, 19-11-1, 19-12-1, 19-13-1, 19-14-1, 19-15-1, 19-16-1, 19-17-1, 19-18-1, 19-19-1

5

  1.  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаментінің басшы орынбасарының біліктілік талаптары (16 бірлік), С-О-2 санаты, 19-04-2, 19-05-2, 19-06-2, 19-07-2, 19-08-2, 19-09-2, 19-10-2, 19-11-2, 19-12-2, 19-13-2, 19-14-2, 19-15-2, 19-16-2, 19-17-2, 19-18-2, 19-19-2

6

  1.  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті басшының орынбасарының біліктілік талаптары (2 бірлік), С-О-2 санаты, 19-18-3, 19-19-3

7

  1.  

Мазмұны

8

Полная версия
ИС BestProfi