Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 16408 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 жылғы № 420 Бұйрығына сәйкес (02.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 12.11.2025 жылғы № 698 Бұйрығына сәйкес
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы 13), 13-1), 13-2) және 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 6-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.10.2025 жылғы № 648 Бұйрығына сәйкес (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 жылғы № 420 Бұйрығына сәйкес (02.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтері мен міндеттемелері туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.10.2025 жылғы № 648 Бұйрығына сәйкес (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларын қоспағанда, оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі, бұл ретте осы бұйрықтың 1-тармағының 3) тармақшасы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 119 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 жылғы № 420 Бұйрығына сәйкес (02.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.10.2025 жылғы № 648 Бұйрығына сәйкес (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы 20__ жылғы «__» _____ бастап 20__ жылғы «__»_____ аралығындағы кезең үшін мәліметтер