«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 248 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 16446 болып тіркелді
Редакция 11.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының тізбесі бекітілсін.
2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Әділет министрі _______________ М. Бекетаев 2018 жылғы 12 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі _______________ Т. Дүйсенова 2018 жылғы 16 қантар
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б. Сұлтанов 2018 жылғы 18 қантар
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Төрағасы _______________ Н. Айдапкелов 2018 жылғы 10 қантар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 248 қаулысына қосымша
Төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескретуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 269 Қаулысына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
Полная версия

