Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 наурызда № 16508 болып тіркелді
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 166-бабы 8-тармағына, 167-бабының 6-тармағына, 170-бабының 2-тармағына, 171-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 01.06.2020 жылғы № 554 Бұйрығына сәйкес (24.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.04.2022 жылғы № 411 Бұйрығына сәйкес (26.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚРҚаржы министрінің 24.02.2020 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (16.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Бақылау-касса машиналарының модельдерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидалары;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.12.2023 жылғы № 1326 Бұйрығына сәйкес (14.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ фискалдық деректер операторының оларды мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес фискалдық деректер операторының деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚРҚаржы министрінің 24.02.2020 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (16.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.