Близость слов: Окончание:





Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын және нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 210 бұйрығы
​Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 наурызда № 16482 болып тіркелді
Редакция 06.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 40-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарларды сыныптау туралы шешімнің нысаны бекітілсін.
2. «Тауарларды сыныптау жөніндегі, тауарды жинақталмаған түрде сыныптау туралы шешімдердің және преференциялдық және преференциялдық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 116 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10625 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;  
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;  
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы № 210
бұйрығына
1-қосымша
Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидалары  
 1. Осы Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидалары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 40-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарларды сыныптау бойынша шешімдерді қабылдау тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік кірістер органдары тауарларды кедендік декларациялау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – СЭҚ ТН) бойынша тауарларды сыныптаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде олардың дұрыс сыныптамасы анықталған жағдайда тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 18.02.2020 жылғы № 163 Бұйрығына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тауарларды сыныптау туралы шешім орындау үшін міндетті болып табылады.  
Полная версия
ИС BestProfi