Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу қағидаларын және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 228 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16521 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабының 2-тармағына, 46-бабының 1-тармағына, 466-бабының 6-тармағына және 468-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.01.2022 жылғы № 80 Бұйрығына сәйкес (22.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысының және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 392 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6387 болып тіркелген, 2010 жылғы 4 қыркүйектегі № 233 (26294) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 139 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрықтары тізбесінің 2-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13622 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 7 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінҚазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау жәнеенгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
1. Осы Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) уәкілетті кеден органының кедендік сараптаманы жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Уәкілетті кеден органы жүргізетін кедендік сараптама өзінің түрлері бойынша «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 466-бабының 5-тармағына, 470-бабына сәйкес бөлінеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.01.2022 жылғы № 80 Бұйрығына сәйкес (22.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)