Близость слов: Окончание:





Өкімдердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16533 болып тіркелді
Редакция 05.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 118-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 256-бабы 3-тармағына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 Қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 15.05.2020 жылғы № 487 Бұйрығына сәйкес (08.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 16.02.2024 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес (15.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 15.05.2020 жылғы № 487 Бұйрығына сәйкес (08.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдер мен салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік төлемдерді төлейтін агенттің (әлеуметтік төлемдерді төлеушінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдердің нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 16.02.2024 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес (15.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4)  осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
 ______________Д. Ақышев
2018 жылғы 16 ақпан № 145
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы № 145
бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 16.02.2024 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес (15.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі
Полная версия
ИС BestProfi