Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.11.2021
Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығы
​Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 наурызда № 16493 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 7 қарашадан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.10.2021 жылғы № 93 Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы  № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы  Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 61, 134, 156 және 180-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды,  мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын  және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте  дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды,  мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі әдістеме;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік бағдарламаларға,  мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістеме;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік бағдарламаларға  бағалау жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 13411 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде  2016 жылғы 25 наурызда жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау  жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығы (Нормативтік  құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14757 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің  электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 ақпанда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде  оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ  ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік  құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін  «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық  жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының  Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген  іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 64 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме
Полная версия
ИС BestProfi