Близость слов: Окончание:





Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16523 болып тіркелді
Редакция 06.06.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 106-бабы 3-тармағына, 108-бабы 5-тармағына, 109-бабы 7-тармағына, 141-бабы 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.05.2021 жылғы № 473 Бұйрығына сәйкес (20.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, сондай-ақ аванстық төлемдердің артық төленген сомасы, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуы қағидалары.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай:
1) 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10989 тіркелген, 2015 жылғы 1 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 635 «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12614 тіркелген, 2016 жылғы 13 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 бұйрығына
1-қосымша
Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын, сондай-ақ аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызу және (немесе) қайтару қағидалары
Полная версия
ИС BestProfi