Близость слов: Окончание:





Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ  кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығы
​Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16600 болып тіркелді
Редакция 09.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 103, 105, 486, және 535-баптарына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.09.2020 жылғы № 872 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 22.12.2022 жылғы № 1312 Бұйрығына сәйкес (26.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Бекітілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.09.2020 жылғы № 872 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді есепке алу қағидасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру қағидасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру, қамтамасыз ету мөлшерін төмендету қағидасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 26.11.2021 жылғы № 1222 Бұйрығына сәйкес (15.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 1) «Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 274 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11172 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған);
2) «Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 493 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14323 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 294 бұйрығына
1-қосымша
Полная версия
ИС BestProfi