Близость слов: Окончание:





Деректерді үздіксіз беру функциясы бар спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралын немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану және оның бар екенін растау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 наурызда № 16613 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 496-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Деректерді үздіксіз беру функциясы бар спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралын немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану және оның бар екенін растау қағидалары бекітілсін.
2. «Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 228 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10892 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 247 ақпандағы
№ 137
бұйрығымен бекітілген
Деректерді үздіксіз беру функциясы бар спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралын немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану және оның бар екенін растау қағидалары
1. Осы Деректерді үздіксіз беру функциясы бар спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралын немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану және оның бар екенін растау қағидалары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы кодексінің 496-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және деректерді үздіксіз беру функциясы бар спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралын немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағында қолдануды және оның бар екенін растау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) диспетчерлік орталық – Қазақстан Республикасында тіркелген спутниктік навигация қызметтерін ұсыну операторы;
2) спутниктік навигацияның абоненттік терминалы – байланыс арналары бойынша дабыл беру арқылы көлік құралының тұрған жерін айқындауға мүмкіндік беретін деректерді үздіксіз беру функциясы бар шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысы немесе спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралы;
Полная версия
ИС BestProfi