«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 215 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына, 4 тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларына, 5 тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына, 6 тармағының 1) және 2) тармақшаларына, 10 тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 388 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16675 болып тіркелді
Редакция 23.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша салық тіркелімінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық теңгерімдерін айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша салық тіркелімінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес резидент емес-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі шегерімге жатқызған басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарының сомалары бойынша салық тіркелімінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бухгалтерлік есепте төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйлықақы, құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін азайтуды есепке алу бойынша салық тіркелімі нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кредит (қарыз) бойынша және оған сыйлықақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіруге байланысты борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін азайтуды есепке алу бойынша салық тізілімі нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес шығу және келу туризмі шегінде туроператордың қызметі бойынша салық тіркелімінің нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлар қалдықтары түрінде айналым бойынша салық тіркелімінің нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тауарлар қалдықтары бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығы бойынша салық тіркелімінің нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның ауыл-шаруашылығы өнімін жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан сатып алуын ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы коорперативі және (немесе) заңды тұлғалармен және оны өткізуін есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің мөлшерін көрсетуге, сондай-ақ осы ауыл шаруашылығы өнімін өткізу мөлшерін көрсетуге арналған бойынша салық тіркелімінің нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері өздерінің мүшелеріне сатылған тауарларды, және осындай тауарларды пайдалануға, сенімгерлік басқаруға, жалға беруді, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес табыстарды, соның ішінде қолма-қол жасалмайтын есеп айырысу арқылы алынған, есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді есепке алу салық тіркелімінің нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын салық салу объектілерін есепке алу үшін салық регистрінің нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақымен қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық міндеттемелерін есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша және (немесе) өзге мүлік алғаны туралы салық тіркелімінің нысаны;
Полная версия