Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар  
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 6001-18-7-6/121 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 265 бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 сәуірде № 16799 болып тіркелді
«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сот органдарының әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдердің тиімділігі мен сапасын арттыру және олардың тиісінше күзетілуін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін арналған өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2016 жылғы 3 мамырдағы № 6001-16-7-6/183 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 489 бірлескен бұйрығының (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13762 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 2 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электронды көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Соттар әкімшілеріне жолдауды;
5) осы бірлескен бұйрықты Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Департамент басшысының жетекшілік ететін орынбасарына және Соттар әкімшілеріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы_______________ Н. Шәріпов 2018 жылғы 6 сәуір
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ______________Қ. Қасымов 2018 жылғы 6 сәуір
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз
ету департаменті (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 6001-18-12-7-6-/121
және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі № 265
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының (бұдан әрі – соттар), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі – Департамент) және оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарына келушілер, процеске қатысушылар, сот процесіне қатысатын өзге де адамдар, сондай-ақ ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдар үшін өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.  
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Департаменттің аумағы мен ғимаратына өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру және жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (бұдан әрі – ӘПК), жергілікті соттар мен Департаменттің аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарына – сот приставтарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының мамандандырылған күзет қызметі басқармаларына жүктеледі.  
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдар – соттардың ғимаратына ашық сот отырысына қатысу үшін келген, сот процесіне қатысушы не оған қатысатын өзге де адамдар болып табылмайтын, кәмелет жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
Полная версия
ИС BestProfi