«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сот органдарының әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдердің тиімділігі мен сапасын арттыру және тиісті күзетін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
Внимание! Документ утратил силу с 27.04.2018
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету депратаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) Басшысының 2016 жылғы 3 мамырдағы № 6001-16-7-6/183 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 489 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 2 маусымда № 13762 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 27 сәуірден бастап ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 06.04.2018 жылғы № 6001-18-7-6/121 және ҚР Ішкі істер министрінің 06.04.2018 жылғы № 265 Бірлескен бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін арналған өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі (Д.М. Омаров) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Қ.О. Елібаевқа және Соттардың әкімшілеріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы ____________І. Испанов
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі_____________Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2016 жылғы 3 мамырдағы № 6001-16-7-6/183 және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 489 бірлескен бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Соттар, Департамент және оның аумақтық огандары ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің «Қалалар мен облыстардың мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (МКҚБ) Мемлекеттік мекемесі сот приставтарымен өзара әрекеттесе отырып қамтамасыз етеді.
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) басшылық – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, облыстық және оларға теңестірілген соттардың сот алқаларының төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппаратының) басшысы және оның орынбасарлары, Соттар әкімшілері басшылары және олардың орынбасарлары;
2) бақылау және рұқсат беруді басқару жүйесі (бұдан әрі – БРБЖ) – техникалық, ақпараттық, бағдарламалық үйлесімділікке ие және соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимаратына келетін адамдарға, сондай-ақ іргелес жатқан аумақтағы көлікке рұқсат беруді бақылауды және басқаруды жүзеге асыратын бірлесе жұмыс істейтін техникалық бақылау және басқару құралдарының (механикалық, электрмеханикалық, электрлік, электрондық құрылғылар, конструкциялар және бағдарламалық құралдар) жиынтығы;
3) бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – БӨП) – келушілер мен көлік құралдарын өткізуді қамтамасыз етуге арналған арнайы үй-жай;
4) біржолғы рұқсаттама – сот, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына біржолғы кіруге (шығуға) құқық беретін құжат;
5) келуші – соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына келген, кәмелет жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, сот процесіне қатысушылар, оның ішінде тыңдаушылар мен байқаушылар
6) МКҚБ қызметкері – соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарында өткізу режимін қамтамасыз ететін қызметкер немесе БӨП бойынша кезекші
7) өткізу және объектішілік режим – ішкі тәртіпті, өрт қауіпсіздігін сақтауды, сондай-ақ адамдардың бақылаусыз кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), күзетілетін объектіге мүлікті бақылаусыз алып кіру (алып шығу), әкелу (әкету) және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес соттардың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының аумағына және ғимараттарына алып өтуге (алып жүруге) тыйым салынған заттардың тізбесіне сәйкес соттардың, Департаменттің, оның аумақтық органдарының аумағына және ғимараттарына алып өтуге (алып жүруге) тыйым салынған заттарды (бұдан әрі – тыйым салынған заттар) санкцияланбаған алып өту (алып жүру) мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық іс-шаралардың жиынтығымен қамтамасыз етілетін соттардың, Департаменттің, оның аумақтық органдарының ғимараттары және оларға іргелес жатқан аумақтар шегінде белгіленген тәртіп;
Полная версия