Близость слов: Окончание:





Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 16834 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 жылғы № 19 Қаулысына сәйкес (27.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 08.03.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 жылғы № 19 Қаулысына сәйкес (27.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Ақпараттық қауіп және киберқорғау басқармасы (Перминов Р.В.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
 _______________ Б. Атамқұлов
2018 жылғы 13 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 наурыздағы
№ 47 қаулысымен бекітілген
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Осы Қағидалардың жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 жылғы № 19 Қаулысына сәйкес (27.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі – банк) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және банктердің ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына беру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 жылғы № 19 Қаулысына сәйкес (27.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Банктер жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына алдыңғы жылдағы ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ есепті жылғы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) береді.
3. Мәліметтерде мыналар туралы ақпарат қамтылады:
1) банктің ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін қолдану аясы және оның қатысушылары, олардың функционалының талаптарға сәйкестігін көрсете отырып;
2) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құруды және жұмыс істеуін реттейтін құжаттардың болуы;
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың болуы және сандық құрамы;
4) байланыс операторларымен жасалған қызмет көрсету туралы шарттардағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шарттар мен міндеттемелер;
5) деректер өңдеу орталықтарының болуы, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі және дайындығы;
6) банктің ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін және ақпараттық активтерін талаптарға сәйкестендіру бойынша жүргізілген іс-шаралар.
4. Мәліметтер еркін нысандағы мәтін түрінде жасалады және Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына банктің атқарушы органы басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның қолы қойылып, қағаз тасымалдағышта беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi