Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 16834 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 жылғы № 19 Қаулысына сәйкес (27.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 61-5-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 18.07.2025 жылғы № 27 Қаулысына сәйкес (09.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 жылғы № 19 Қаулысына сәйкес (27.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Қағидалары мен мерзімдер өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 жылғы № 19 Қаулысымен (27.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалары мен мерзімдер жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 18.07.2025 жылғы № 27 Қаулысына сәйкес (09.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі – банк) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 61-5-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына беру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.
2. Банктер жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына алдыңғы жылдағы ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ есепті жылғы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) береді.
3. Мәліметтерде ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16772 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 48 қаулысымен бекітілген Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың 2-тарауына сәйкес келуі туралы ақпарат қамтылады.
4. Мәліметтер еркін нысандағы мәтін түрінде жасалады және Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты өңдеуге арналған қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның автоматтандырылған жүйесі арқылы беріледі. Еңсерілмейтін күштің салдарынан мәліметтерді беру мүмкіндігі болмаған жағдайда мәліметтер банктің атқарушы органы басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның қолы қойылып, қағаз тасымалдағышта ұсынылады.