2005 жылғы 25 қарашада Мәскеуде жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімнің 3-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 231 қаулысы
Редакция 26.02.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Келісім бойынша Қазақстан Республикасынан:
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық құзыретті орган;
құзыретті органдар – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеу қызметі құзыретті органдар болып айқындалсын.
1-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.04.2019 жылғы № 154 Қаулысына сәйкес (02.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 13.12.2019 жылғы № 925 Қаулысына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.02.2021 жылғы № 98 Қаулысына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Полная версия