Близость слов: Окончание:





 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы  
 КЕЛІСІМ  
 (Мәскеу қ., 2005 жылғы 25 қарашада)
ҚР 15.12.2017 ж. № 117-VІ Заңымен ратификацияланды 
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, үкіметтерінің атынан осы Келісімге қатысушы мемлекеттер, автокөлік құралдарын жымқырудың меншік иелеріне және мемлекеттерге айтарлықтай нұқсан келтіретінін атап көрсете отырып, жымқырылған автокөлік құралдарының террористік, криминалдық және басқа да құқыққа қарсы әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін екенін назарға ала отырып, автокөлік құралдарын жымқырудың трансұлттық сипат алғанына алаңдаушылық білдіре отырып, автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы тиімді күрестің барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы негізінде ғана мүмкін болатынын мойындай отырып, автокөлік құралдарын жымқыруды болғызбау және оларды қайтаруды қамтамасыз ету үшін келісілген шараларды жүзеге асыру қажеттігін сезіне отырып,жалпыға танылған қағидаттарды және халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер пайдаланылады:
автокөлік құралы - адамдарды, жүктерді немесе оған орнатылған жабдықтар мен тетіктерді тасымалдауға арналған механикалық құрылғы, оның ішінде тіркемелер, жартылай тіркемелер және мотоциклдер;
автокөлік құралын жымқыру - Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес кез келген құқыққа сыйымсыз, қылмыстық жазаланатын автокөлік құралын өтеусіз алып қою немесе иеленіп алу;
автокөлік құралының сақталуы - автокөлік құралы табылған, ұсталған, алып қойылған немесе оған тыйым салынған кезде жасалған автокөлік құралын қарап-тексеру хаттамасында көрсетілген сипаттамаға сәйкес келетін жиынтықта оның сұрау салынатын Тараптың орталық құзыретті органының осы автокөлік құралын қайтару туралы шешімі күшіне енген кезге дейін сақталуы;
тіркеу құжаты - уәкілетті органдар берген, автокөлік құралын мемлекеттік, оның ішінде уақытша тіркеу туралы құжат;
автокөлік құралының меншік иесі - автокөлік құралын иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарына ие жеке немесе заңды тұлға;
Тараптың орталық құзыретті органы - жымқырылған автокөлік құралын қайтару туралы сұрау салуларды осы Келісімге сәйкес жіберуге және оларды қайтару туралы шешімдер қабылдауға уәкілеттік берілген мемлекеттік құқық қорғау органы;
Тараптың құзыретті органы - құқық бұзушылық жасалған жағдайда ұлттық заңнамаға сәйкес автокөлік құралын іздестіруді, ұстауды, алып қоюды немесе оған тыйым салуды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік құқық қорғау органы;
жымқырылған автокөлік құралын қайтару - сұрау салынатын Тараптың орталық құзыретті органының немесе сот органының шешімі бойынша автокөлік құралын сұрау салушы Тараптың құзыретті органына беру.
Тараптар халықаралық міндеттемелерді және ұлттық заңнаманы сақтаған кезде осы Келісімнің негізінде автокөлік құралдарын жымқырумен байланысты қылмыстардың алдын алуда, анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеп-тексеруде, іздестіруде және оларды қайтаруды қамтамасыз етуде ынтымақтасады.
1. Тараптар ынтымақтастықты өздерінің құзыретті органдары арқылы жүзеге асырады.
2. Әрбір Тарап орталық құзыретті органын көрсете отырып, құзыретті органдарының тізбесін  айқындайды және депозитарийге береді.
3. Тараптардың әрқайсысы құзыретті органдары тізбесінің өзгеруі туралы депозитарийді жазбаша түрде хабардар етеді.
1. Автокөлік құралдарын жымқыруды болғызбау, оларды іздестіруді және қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында әрбір Тарап автокөлік құралдары туралы ақпараттық дерекқорды қолдауды қамтамасыз етеді, онда мынадай:
Полная версия
ИС BestProfi