Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 5 мамырдағы  
№ 681 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат):
2. «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 94-құжат):
3. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 28, 344-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
4. «Әкiмшiлiк реформаны одан әрі жүргізу жөнiндегi кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 98-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:  
«Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру және оларға жүктелген функциялар мен мiндеттердiң сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:».
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 және 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 657 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 38, 404-құжат):
Полная версия
ИС BestProfi