Заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалауды тиісінше ұйымдастыру мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2020
Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 19 бұйрығы
Редакция 10.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ҚР Бас Прокурорының 30.12.2020 жылғы № 165 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес тізбе бойынша бұйрықтарының күші жойылcын.
3. Бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратура құрылымдарының ведомстволары, мекемелері мен ұйымдарының басшыларына, облыс, аудан прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокурорының қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық, 2018 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енетін 54-75 тармақтарын қоспағанда, қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қ. Қожамжаров
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 19 бұйрығымен бекітілді
Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (бұдан әрі - ҚПК), «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңын және прокуратура органдарының қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру кезіндегі өзге де заңнаманың қолданылуын егжей-тегжей түсіндіреді.
2. Міндеттер және басым бағыттар
1. Қадағалаудың негізгі міндеті қылмыстық қудалауды іске асыру кезіндегі заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.
2. Қадағалаудың басым бағыттары мыналар:
1. қылмыстық процесте адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2. қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарау;
3. қылмыстық процеске қатысушыларға қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеу құқықтарын қамтамасыз ету.
3. Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі өкілеттердің ара-жігін ашу
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (бұдан әрі – Бас прокуратура), аймақтық және мамандандырылған прокуратуралар, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - ҚСжАЕК) мен оның аумақтық бөлімшелерінің функцияларын реттеу, олардың қызметіндегі қайталануды жою мақсатында келесі жіктеулер бекітіледі:
Полная версия

