Близость слов: Окончание:





«Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 273 қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестікті таратудан кейін қалған мүлікті республикалық меншікке қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
реттік нөмірі 123-116-жол алып тасталсын;
2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне» деген тарауда:
реттік нөмірі 224-36-жол алып тасталсын.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ 273 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөнiндегi дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы № 169 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 235 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы және 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 126-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына 1-қосымшаның 26-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 439-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi