Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.05.2018
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөнiндегi дирекция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы N 169 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.05.2018 жылғы № 273 Қаулысына сәйкес
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегi дирекция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бiр ай мерзімде: 
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекітуге енгізсiн; 
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (29.10.2004 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Полная версия
ИС BestProfi