Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 501 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 мамырда № 16900 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 01.08.2022 жылғы № 772 Бұйрығына сәйкес (03.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар
Осы талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 01.08.2022 жылғы № 772 Бұйрығына сәйкес (03.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрi – талаптар) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және бағалау туралы есептiң (бұдан әрі – есеп) нысаны мен мазмұнына, қойылатын талаптарды белгiлейдi.
2. Есеп бағалау жүргiзу нәтижелері бойынша жасалады және Заңға, осы талаптарға мен Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген бағалау стандарттарына сәйкес ресімделген жазбаша құжатты бiлдiредi.
3. Активтердің жекелеген түрлері үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде мынадай № 16971 тіркелген) бекіткен бағалау стандарттарында белгіленген қосымша талаптар қолданылады, олар есептерде көрсетіледі.
9) тапсырыс берушiнiң толық атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), оның нақты орналасқан жерi немесе заңды мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірі;
11) заңды тұлғаның басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және заңды тұлғаның атауы қамтылады (бағалаушы заңды тұлғамен еңбек шартын жасасқан кезде).
2) бағаланатын объектiнiң атауы, объектiнiң меншік иесiн, объектiнiң орналасқан жерiн, бағаланатын құқықтарын, бағалау түрiн, бағаланатын мүлiктiң сәйкестігін және айқындалатын құнның түрiн көрсете отырып, бағалауға тапсырма;
3) бағалаушы туралы мәліметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, оның орналасқан жері, «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктің нөмірі мен берілген күні, ол мүшесi болып табылатын бағалаушылар палатасының атауы, бағалаушының немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғаның мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету туралы мәліметтер, бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды мекенжайы);
Бизнесті, бизнеске қатысу үлестерін, бағалы қағаздарды және басқа да материалдық емес объектілерді (олар бойынша бұл қажет) бағалау мақсатында есепте бағалауға тапсырыс беруші/компанияның меншік иесі ұсынған ақпарат, Қазақстан Республикасының ресми статистикалық ақпараты және бағалау объектісінің нарықтық құнын айқындау кезінде пайдаланылатын халықаралық көздер негізінде жасалған талдамалық деректер қосымша көрсетіледі. Талдауды жүргізу мүмкін болмаған/орынсыз болған кезде бағалаушы негіздемені есепте көрсетеді.
есепте қалғандарын пайдаланудан уәжді бас тарту келтіре отырып, алынған нәтижелердің біреуін таңдайды немесе нәтижелерді келісу рәсімін пайдаланады (екі рет бір-бірінен өзгеше болмайтын екі және одан да көп тәсілдер/әдiстерді пайдаланған кезде).
Бағалау объектісі құнының жиынтық шамасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі және сомасын жақшада таратып жаза отырып, теңгемен көрініс табады (егер Тапсырыс берушімен жасалған бағалау жүргізу шартымен өзгеше келісілмесе).
Бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау объектісі құнының жиынтық шамасы, егер бағалау туралы есеп жасалған күннен бастап бағалау объектісімен мәміле жасалған күнге немесе жария оферта ұсынылған күнге дейін өткен уақыт алты айдан аспайтын болса, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бағалау объектiлерімен мәмiле жасасу мақсаттары үшін ұсынымды болып танылады.
Бұл ретте, жасалған күнінен бастап бір жылдан аспайтын уақыт өткен ипотекалық шартты жасасу кезінде, сондай-ақ кепілге берілген мүлікті өткізу кезінде қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы есеп атқарушылық іс жүргізу шеңберінде танылады.
1) бағалау объектісін тексеру актісі (тексеру актісі материалдық объектілер үшін жасалды), онда бағаланатын объектіні тексеру күні, бағалау объектісінің мекенжайы, бағаланатын объектінің негізгі сипатының сипаттамалары, бағалау объектісін және бағалаушы, бағалаудың тапсырыс берушісі және үшінші тұлғалар қол қойған оның нақты жай-күйін (бар болған және тексеруде қатысқан кезде) толығымен сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де ақпарат. Қол қоюдан бас тартқан кезде, бағалаушы фактіні тексеру актісінде тіркейді;
3) интернет желісінен алынған ұқсас объектілердің бағалары туралы мәліметтер мен хабарландыруларға сілтемелер қамтылған компьютердің жұмыс үстелінің фотосуреттері (скриншот);
үшінші тұлғалар мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бағалау нәтижелерінің дұрыстығына айтарлықтай әсер ететін бағалау жүргізу үшін қажетті жазбаша немесе ауызша нысандағы ақпаратты беруден бас тартқанда бағалаушы мәлiметтерді есепте көрсетедi.
13. Бағалау туралы есеп нөмірленеді, байланады, оған бағалаушы қол қояды және оның мөрімен (ол болған кезде) бекемделеді, ал бағалаушы заңды тұлғамен еңбек шартын жасасқан кезде, бағалау туралы есепті заңды тұлғаның басшысы бекітеді және ол заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделеді.
14. Ипотекалық шартты жасасу кезінде, сондай-ақ кепілге берілген мүлікті өткізу кезінде қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы есепке өзгерістер мен/немесе толықтырулар қағаз тасығышта енгізілген кезде, бағалаушы негіздемесін көрсете отырып, қаржылық есептілік депозитарийінде орналастырылған есепке тиісті өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізеді.