«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 146-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 164 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 мамырда № 16961 болып тіркелді
Редакция 20.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9915 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 274 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13982 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 тамызда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау қорына енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министр Қ. Бозымбаев
Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 164 бұйрығымен бекітілген
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 146-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.10.2020 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия