Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2018
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларыніске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілікқағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 335 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес
1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларыніске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілікқағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 361-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
«7. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау 3 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.
Магистратураға, резидентураға, докторантураға шет тілі бойынша түсу емтихандары – 10 – 15 тамыз аралығында, мамандық бойынша –16 – 20 тамыз аралығында, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 10 – 15 тамыз аралығында жүргізіледі.»;
«11. Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және «магистр» дәрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар адамдар қабылданады.»;
«Ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші адамдар, сондай-ақ оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) тест пен мамандық бойынша ағылшын тіліндегі тестіден тұратын кешенді тестілеу тапсыра алады.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші адамдар оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) тест пен мамандық бойынша ағылшын тіліндегі тестіден тұратын кешенді тестілеу тапсырады.»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1. Магистратураға, резидентураға, докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханын ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шет тілі бойынша түсу емтиханының, ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада, және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша сертификат беріледі.»;
«Бұл ретте ЖОО-ның қабылдау комиссиясы ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын тексереді.»;
«19. Шет тілі бойынша түсу емтихандары және ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу ҰТО әзірлеген технология бойынша өткізіледі.»;
«21. Шет тілі бойынша түсу емтихандары және ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін түсу емтихандарын қабылдау пункттерінде өткізіледі.»;
«Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша түсу емтихандары және ғылыми-педагогикалық магистратурада білім алу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу бойынша апелляцияны қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы келіп түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілі бойынша түсу емтихандарының немесе ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу нәтижелерін апелляцияға берген адамға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.»;
«28-1. Магистратураға, резидентураға, докторантураға адамдарды қабылдау түсу емтихандарының немесе ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу қорытындылары бойынша мынадай балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ғылыми-педагогикалық магистратураға және докторантураға шет тілі бойынша – кемінде 50 балл және мамандығы бойынша – кемінде 50 балл, ал бейінді магистратураға, резидентураға шет тілі бойынша – кемінде 30 балл және мамандығы бойынша – кемінде 50 балл;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және ағылшын тілінде бейінді магистратурада оқу үшін – кемінде 19 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 5 балл, мамандық бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 6 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 8 балл.»;
мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
«31-1. Ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсушілер мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін 17 тамызға дейін ЖОО-ға өтініш, білімі туралы құжатын (түпнұсқа), кешенді тестілеу сертификатын және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады. Өтініште түсуші білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбедегі мамандық пен ЖОО-ны көрсетеді.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурсты 22 тамызға дейін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын Республикалық конкурстық комиссия мамандықтар бөлінісінде өткізеді.
Республикалық конкурстық комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлерінен, азаматтық қоғам институттарының, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінен, ЖОО-лар басшыларынан құрылады.
Республикалық конкурстық комиссияның төрағасы білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам болып табылады.
Республикалық конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Республикалық конкурстық комиссияның отырыстары құрамының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды болып табылады.
Республикалық конкурстық комиссияның ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға үміткерлерді іріктеу бойынша жұмысы үшін ҰТО мамандықтар мен ЖОО-лар бөлінісінде үміткерлердің деректер қорын дайындайды.
Ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар кешенді тестілеу сертификатының балдары негізінде беріледі. Кешенді тестілеу нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, басым құқық мамандық бойынша тестілеуден ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан кейін оқуға дайындығын айқындауға арналған тестінің нәтижелері, бұдан әрі – дипломға қосымшадағы GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) (алдыңғы білім деңгейі) және жұмыс өтілі ескеріледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бос орындар конкурстық комиссияның шешімі негізінде жоғары өту балымен еңбек нарығында қажетті басқа мамандықтарға тағайындалады.
Республикалық конкурстық комиссиясы шешімінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады.»;
мынадай мазмұндағы 31-2-тармақпен толықтырылсын:
«31-2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түскен магистранттармен және докторанттармен оқуды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасалады.»;
мынадай мазмұндағы 31-3-тармақпен толықтырылсын:
«31-3. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурсты тиісті облыс және (немесе) республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен құрылатын жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы өткізеді.
Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатарынан, облыстардың (республикалық маңыздылығы бар қаланың, астананың) «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалдарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдерінен құралады.
Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құруға тиіс. Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясының отырысы құрамының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп есептеледі және 25 тамызға дейін өткізіледі.
Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясының төрағасы тиісті облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе әкімнің орынбасары болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы туралы ереже тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы өңірлердегі жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлардың қажеттігі ескеріле отырып бөлінеді.
ЖАО өңірдің қажеттілігін ескере отырып, мамандықтар бөлінісінде орындар санын және оқытылатын адамдар санатын конкурстық комиссияның шешімімен дербес анықтайды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін түсушілер ЖОО-ға 23 тамызға дейін өтініш беріп, білімі туралы құжаттың көшірмесін, шет тілі бойынша түсу емтиханының сертификатын немесе осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген (бар болған жағдайда) бағдарламалар бойынша тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесін, балы көрсетілген мамандығы бойынша түсу емтиханын тапсырғаны туралы үзіндіні, еңбек кітапшасын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс:
1) мамандық бойынша түсу емтиханының балына;
2) шет тілі бойынша түсу емтиханы сертификатына сәйкес балына немесе осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген (бар болған жағдайда) бағдарламалар бойынша тест тапсыру туралы сертификаттың балдарына сәйкес жүргізіледі.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы берілген жағдайда әкімдіктің, магистранттың/докторанттың және ЖОО-ның арасында үшжақты шарт жасалады.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру тапсырысы бойынша оқуға түскен азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жергілікті атқарушы органның жолдамасы бойынша өңірде жұмыспен өтеуге міндетті.»:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 335 қаулысына қосымша
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша
100-балдық бағалау жүйесінің шәкілі
Тест түрлері |
Тапсырма нысандары |
Тапсырмалар саны |
Тапсыру тілі |
Бал дар |
Шекті балл |
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест |
бір дұрыс жауап таңдалады |
30 |
Қазақ немесе орыс тілі (таңдау бойынша) |
30 |
5 |
Мамандық бойынша тест |
бір дұрыс жауап таңдалады |
30 |
Ағылшын тілі |
30 |
6 |
бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалады |
20 |
Ағылшын тілі |
40 |
8 |
|
Барлығы |
- |
80 |
- |
100 |
19 |
Полная версия