Близость слов: Окончание:





Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17063 болып тіркелді
Редакция 21.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 195-бабы 3-тармағының бірінші және төртінші бөлімдеріне, 215-бабының 3-тармағының бірінші және төртінші бөлімдеріне, 236-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекітсін.  
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.  
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі  
__________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 29 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы  
_____________________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы 25 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________ Қ. Бозымбаев
2018 жылғы 24 мамыр
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 24 мамырдағы
№ 374 бұйрығымен
бекітілді
Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидалары  
1. Осы Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 195-бабының 3-тармағының бірінші және төртінші бөлімдеріне, 215-бабының 3-тармағының бірінші және төртінші бөлімдеріне, 236-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасыны Заңның 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Есептер өткен күнтізбелік жыл үшін жыл сайын әрбір жылдың отызыншы сәуірінен кешіктірілмей ұсынылады.
Полная версия
ИС BestProfi