Близость слов: Окончание:





Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы  
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 маусымда № 17066 болып тіркелді
Редакция 13.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 157-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.03.2020 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 жылғы № 314 Бұйрығына сәйкес (28.07.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10900 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2016 жылғы 7 сәуірде № 65 (28793) жарияланған);
2) «Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 18 шілдедегі № 325 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14258 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
______________Ө. Шөкеев
2018 жылғы 29 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
________________ Д. Абаев
2018 жылғы 30 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
________________Ж. Қасымбек
2018 жылғы 14 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
_______________ С. Жасұзақов
2018 жылғы 23 мамыр
Полная версия
ИС BestProfi