«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2018
Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10900 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.04.2018 жылғы № 151 Бұйрығына сәйкес
Редакция 18.07.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне, сонымен бірге мерзімді баспа басылымдарына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министріВ. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Инвестициялар және даму министрі министрінің м.а. ______________А. Мамытбеков ________________Ж. Қасымбек 2015 жылғы 18 наурыз 2015 жылғы 24 ақпан «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Ұлттық экономика министрінің м.а. ____________ И. Тасмағамбетов ________________М. Құсайынов 2015 жылғы 30 наурыз 2015 жылғы 26 наурыз «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ұлттық қауіпсіздік ________________Қ. Қасымов комитетінің төрағасы 2015 жылғы 4 наурыз ________________ Н. Әбіқаев 2015 жылғы 11 наурыз
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығымен бекітілген
Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану ҚАҒИДАСЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы, «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі заңдарына, Қазақстан Республикасының Экологиялық және Су кодекстеріне сәйкес әзірленді.
2. Қағида жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ теңізде жүргізілетін мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган - жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Полная версия