«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 72-бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17053 болып тіркелді
Редакция 01.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пайдалы қазбалардың қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Қ. Өскенбаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ______________ Ө. Шөкеев 2018 жылғы 31 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________ Б. Сұлтанов 2018 жылғы 30 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Т. Сүлейменов 2018 жылғы 25 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ______________ Қ. Бозымбаев 2018 жылғы 28 мамыр
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығына 1-қосымша
Полная версия