Близость слов: Окончание:





Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 маусымда № 17072 болып тіркелді
Редакция 30.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 130-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 09.08.2021 жылғы № 257 Бұйрығына сәйкес (17.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________________ Ж. Қасымбек
2018 жылғы 14 мамыр
«КЕЛІСІЛДI»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 17 мамыр
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ 191 бұйрығымен бекітілген
Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 09.08.2021 жылғы № 257 Бұйрығымен (17.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.02.2023 жылғы № 88 Бұйрығына сәйкес (09.08.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия
ИС BestProfi