«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 66-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 маусымда № 17075 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Т. Сүлейменов 2018 жылғы 31 мамыр
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамыр № 375 бұйрығымен бекітілді
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 66-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлау мен (немесе) өндіруге және уран өндіруге арналған келісімшарттарды және (немесе) лицензияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар Кодекстің 277-бабының 3-тармағына сәйкес Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін берілген және жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсаттар, лицензиялар мен келісімшарттар бойынша қатынастарғада қолданылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушылардың (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар бойынша операторлардың) (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушылар) келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы шарттарының сақталуын мемлекеттік бақылау болып табылмайды.
3. Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарын сақтауын бақылауды құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларды берген мемлекеттік орган) жүзеге асырады.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу және (немесе) жер қойнауын пайдаланушыға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіліп жатқан (жүргізілген) объектілерге бару арқылы жүзеге асырылады.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру кезінде алынған мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда, құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларды берген мемлекеттік орган) жер қойнауын пайдаланушыдан тиісті ақпаратты жазбаша түрде сұрайды.
2-тарау. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар және (немесе) лицензиялар бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг
6. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар және (немесе) лицензиялар бойынша міндеттемелерін орындауына мониторингті (бұдан әрi – мониторинг) Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын есептердi (бұдан әрi – есептер) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге көздерден алынған мәліметтерді талдау арқылы құзыреттi орган жүзеге асырады.
Мониторинг Кодекстің 66-бабының 2-тармағына сәйкес құзыретті орган айқындайтын тәртіпте жүзеге асырылады.
7. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарын сақтауына мониторинг нәтижелері бойынша келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының бұзылуын анықтау жер қойнауын пайдаланушыға анықталған бұзушылықты жою туралы хабарламаны жіберу үшін негіздеме болып табылады.
Анықталған бұзушылықты жою туралы хабарлама бұзушылық анықталған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жіберіледі.
8. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттың шарттарын бұзған жағдайда құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) жазбаша хабарламада жер қойнауын пайдаланушының белгіленген мерзімде мұндай бұзушылықты жою жөніндегі міндетін атап көрсетеді.
Егер келісімшарт шарттарында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт шарттарын бұзушылығын жою мерзімі міндеттемелердің нақты көлемі бойынша жазбаша хабарлама алынған күннен бастап – алты айдан, қаржылық міндеттемелер бойынша – үш айдан, келісімшарттың өзге шарттары бойынша міндеттемелер бір айдан аспауға тиіс.
Қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) келісімшарт шарттарының бұзушылықтарын жою мерзімін ұзарту туралы ұсынысты мұндай ұзартудың себептерін негіздей отырып жібереді. Келісімшарт шарттарының бұзушылықтарын жою мерзімін ұзарту туралы ұсынысты қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) он жұмыс күнінен кешіктірмей жер қойнауын пайдаланушыға мұндай мерзімді ұзартуға келісетіні туралы хабарлайды немесе мұндай ұзартудан дәлелді бас тартуды ұсынады.
Осы тармақта айқындалған мерзімде келісімшарт шарттарының бұзушылықтарын жою анық мүмкін болмаған жағдайда, құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) осындай бұзушылықты жою мүмкін болатын өзгеде мерзімді белгілеуге құқылы.
2-параграф. Жер қойнауын пайдаланушыға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіліп жатқан (жүргізілген) объектілерге бару тәртібі
9. Жер қойануын пайдаланушының лицензиялық (келісімшарттық) міндеттерді орындау туралы есептерді ұсынбауы және (немесе) жалған есептерді ұсынуы, бұрын жiберiлген анықталған бұзушылықты жою туралы хабарламада көрсетiлген анықталған бұзушылықты жоймауы, жер қойнауын пайдаланушыға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіліп жатқан (жүргізілген) объектілерге бару арқылы (бұдан әрі - бару) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.
10. Құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны берген мемлекеттік орган) жер қойнауын пайдаланушыны жоспарланған баруды күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей хабарлайды.
Хабарламада баруға жоспарланған объектілер және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру мақсатында рұқсат берілген құжаттамалар көрсетіледі.
11. Бару кезінде, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамға жер қойнауын пайдаланушының белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамайды.
12. Бару мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайды.
13. Жер қойнауын пайдаланушының басшысы немесе уәкілетті адамы баруды тағайындау туралы бұйрықпен қол қою арқылы немесе бару туралы бұйрықты алғанын растайтын басқа да тәсілмен танысқан күн барудың басталу күні болып саналады.
14. Жер қойнауын пайдаланушыға бару нәтижесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адаммен анықтама екі данада қазақ және орыс тілдерінде дайындалады.
15. Бару аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыда бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшаларының көшірмелері бар барудың нәтижелері туралы анықтама жер қойнауын пайдаланушы басшысына немесе уәкілетті адамына қарау үшін екі данада беріледі.
16. Жер қойнауын пайдаланушының басшысы немесе уәкілетті адамы барудың нәтижелері туралы анықтамаға екі данада оны алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды.
17. Барудың нәтижелері туралы анықтамаға жер қойнауын пайдаланушының уәкілетті адамы қол қойған жағдайда, анық жер қойнауын пайдаланушы басшысының сенімхаты түпнұсқасы немесе расталған көшірмесі қоса беріледі.
18. Жер қойнауын пайдаланушының басшысы немесе уәкілетті адамы барудың нәтижелері туралы қол қойылған анықтаманың бірінші данасын бару бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамға қайтарады.
19. Жер қойнауын пайдаланушының басшысы немесе уәкілетті адамы, барудың нәтижелерімен немесе оның бөлігімен келіспеген жағдайда, барудың нәтижелері туралы анықтамаға қарсылықтарын көрсете отырып қол қояды.
20. Жер қойнауын пайдаланушының басшысы немесе уәкілетті адамы қол қоюдан бас тартқан жағдайда, барудың нәтижелері туралы анықтама жер қойнауын пайдаланушы кеңсесіне енгізіледі немесе пошта арқылы жіберіледі.
21. Барудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа шағымдануы мүмкін.
22. Бару мынадай жағдайларды қоспағанда:
1) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес сұратылатын мәліметтерді ұсынбаған;
2) егер жер қойнауын пайдаланушыға бармауды жүзеге асыруға мүмкіндік болмаса, мемлекеттік органнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге көздерден жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарын бұзуы туралы мәліметтерді алған кезінде;
3) жер қойнауын пайдаланушы бұрын жiберiлген анықталған бұзушылықты жою туралы хабарламада көрсетiлген анықталған бұзушылықты жоймаған жағдайда, жылына бір реттен астам емес мерзімге жол беріледі.
Осы тармаққа сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға бару кезінде хабарламада сондай баруға негіздеме көрсетіледі.
Полная версия