«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 707 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 444 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.03.2019 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес, 1-тармағын, 2-тармағын және 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда
Редакция 04.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 444 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті.
Полная версия

