Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 шілдеде № 17250 болып тіркелді
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.04.2026 жылғы № 74 Қаулысына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.06.2025 жылғы № 24 Қаулысына сәйкес (15.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2025 жылғы № 78 Қаулысына сәйкес (25.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар
Осы Талаптар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 жылғы № 301 Қаулысымен (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 216 Қаулысымен (29.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.03.2021 жылғы № 48 Қаулысымен (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.06.2025 жылғы № 24 Қаулысымен (15.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2025 жылғы № 78 Қаулысымен (25.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.04.2026 жылғы № 74 Қаулысына сәйкес (12.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заң) 5-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер және тауар биржаларының клирингтік орталықтары қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілеріне (бұдан әрі – қаржы мониторингі субъектілері) қолданылады.
2. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттермен іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату туралы шешімді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелі дәрежесінің бағасын клиенттердің типтері бойынша, елдік (географиялық) тәуекелді, қызметтер (өнім) және (немесе) оны беру тәсілі тәуекелін ескере отырып, дербес қабылдайды.
1) сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға не заңды тұлғаға сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғасы немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы шет мемлекетте тіркелген нөмір берілген жеке не заңды тұлға;
2) клиент (оның өкілі) және бенефициар меншік иесі терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға болып табылмайды;
3) клиент (оның өкілі) және бенефициар меншік иесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын белгіленген тұлға немесе ұйым болып табылмайды;
4) клиент КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына және ішкі бақылау қағидаларына сәйкес тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану талап етілетін тәуекел деңгейі берілген тұлға болып табылмайды.
2) жеке тұлға клиенттің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге, оның ішінде қажет болған кезде үшінші тұлғаларға беруге оның сәйкестендіру құралы арқылы расталған келісімінің болуы;
3-тармақша 2026 жылдың 12 шілдеге дейін тоқтатылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.04.2026 жылғы № 74 Қаулысына сәйкес, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның ##көрсету@@
3) жеке тұлға клиенттің (оның өкілінің) және бенефициар меншік иелерінің дербес деректерін жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді және қорғауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған цифрлық жүйелердің болуы;
5. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді тіркеу іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілмен орнатқанға дейін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 6-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
3) немесе егер жеке тұлғаны қаржы мониторингі субъектісі бұған дейін жеке қатыса отырып сәйкестендірген жағдайда, жеке тұлғаны сәйкестендіру және аутентификациялау кезінде қаржы мониторингі субъектісі ақпарат алмасу туралы келісім жасаған екінші деңгейдегі банк немесе Ұлттық пошта операторы шығарған төлем карточкасының деректемелері (төлем карточкасының нөмірі, қолданылу мерзімі, төлем карточкалары жүйесінің атауы);
5) немесе әріптердің, цифрлардың немесе таңбалардың комбинациясын білдіретін бірегей сәйкестендіруші немесе клиентті сәйкестендіру үшін қаржы мониторингі субъектісі белгілеген және онымен келісілген өзге сәйкестендіруші.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде және Талаптардың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау тәсілдерінің біреуін немесе жиынтығында бірнешеуін қолдануға жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау тәсілі банктік шот ашылған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (бұдан әрі – СДАО) арқылы пайдаланылады.
осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген клиентті сәйкестендіру және аутентификация тәсілдерінің жиынтығында біреуімен немесе бірнешеуімен;
өмірді сақтандыру шарттарын, аннуитеттік сақтандыру шарттарын және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын қоспағанда, сақтандыру ұйымдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасқан кезде;
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6-тармағына сәйкес клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қабылдаған кезде пайдаланылады.
8. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы клиентпен іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнатқан кезде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20160 болып тіркелген «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысына сәйкес СДАО арқылы клиентті биометриялық аутентификациялауды жүргізумен клиентті екі факторлы сәйкестендіруді қолданады.
Клиентті биометриялық аутентификациялаудан өткізген кезде екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы клиентпен бейнеконференция сеансының жазбасын не қозғалысты анықтау технологиясын пайдалана отырып, клиенттің алынған шынайы бейнесін, оның ішінде аутсорсинг негізінде клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл, сақтауды қамтамасыз етеді.
9. Клиентті сәйкестендіруді растайтын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтерді тіркеу:
2) не қаржы мониторингі субъектісінің Талаптардың 7-тармағында көрсетілген тәсілдермен клиентті аутентификациялау рәсімдерін кейін өткізуі арқылы жүзеге асырылады.
10. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына және ішкі бақылау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
11. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеруді қолжетімді дереккөздерінен алынған деректермен салыстыру арқылы жүргізген кезде қолжетімді дереккөздерінен алынған мәліметтер бар дерекқорлардан алынған ақпарат, үзінді-көшірмелер де растайтын құжаттардың көшірмелері болып табылады.
4) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіздер бойынша.
Қаржылық мониторинг субъектiсі клиентке іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілмен орнатудан бас тартқан кезде клиентті іскерлік қатынастарды келу тәртібімен орнату мүмкіндігі туралы хабардар етеді.