Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 7 тамыздағы № 727 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 7 тамыздағы
№ 727 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (30.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 130-құжат):  
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:  
«3. Комитеттің Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, облыстарда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармалары және оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық органдар) болады, олар өз қызметінде Комитет төрағасына бағынады.».
4. «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 47-48-49, 313-құжат):  
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ережеде:
«6. Облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың (республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары) тізбесі
5) Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы;
7) Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы;
8) Қарағанды облысының прокуратурасы;
10) Қызылорда облысының прокуратурасы;
11) Маңғыстау облысының прокуратурасы;
13) Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы;
14) Түркістан облысының прокуратурасы;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сыныптық шендер берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендердің тізбесіне («Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісімен).
Қазақстан Республикасы Президентінің  
2018 жылғы 7 тамыздағы  
№ 727 Жарлығына  
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы  
Президентінің  
1999 жылғы 22 қаңтардағы  
№ 29 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы прокуратурасының ЖАЛПЫ ШТАТ САНЫ

Қазақстан Республикасының прокуратурасы, оның ішінде: Бас прокуратура, Құқық қорғау органдары академиясы, прокуратура органдары, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық органдары

5716

Полная версия
ИС BestProfi