Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.12.2018 жылғы № 873 Қаулысына сәйкес (23.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 13.04.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.12.2018 жылғы № 873 Қаулысына сәйкес (23.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысымен бекітілген
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2018 жылғы № 873 Қаулысымен (23.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.05.2019 жылғы № 359 Қаулысымен (24.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.07.2019 жылғы № 521 Қаулысымен (31.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.11.2019 жылғы № 875 Қаулысымен (15.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.04.2020 жылғы № 189 Қаулысына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тетігін айқындайды.
2. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
3. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және жүгінген сәтте Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеген адамдар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.
4. Бұл ретте үміткерлер қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы аз және (немесе) көпбалалы отбасылардың мүшелеріне, сондай-ақ қандастар мен қоныс аударушыларға «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өту немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқу талап етілмейді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.03.2021 жылғы № 169 Қаулысына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік грантқа үміткер кәсіпкерлер үшін заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі Бағдарламаның өңірлік операторына мемлекеттік грант алу үшін жүгінген сәтте бір жылдан аз болуға тиіс.
6. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қорытындысы бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы беріледі.
7. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.
2-бөлім. Терминдер мен анықтамалар
8. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган;
2) бастапқы бизнес (стартап жоба) – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі мемлекеттік грант алу, кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген кезде бір жылдан аз уақытты құрайтын Бағдарламаға қатысушылардың бизнес жобалары;
Полная версия