Близость слов: Окончание:





Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 шілдедегі № 470 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай Бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражатты игеру жөніндегі ақпаратты және тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күніне қарай құрылған, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс орындары жөнінде ақпарат берсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев 
Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 
 2018 жылғы 30 шілдедегі 
 № 470 қаулысымен 
 бекітілген
  Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы  

Бағдарламаның атауы

Инфрақұрылымды дамытудың 2015 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың 4-тармағы

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

Бағдарламаның мақсаты

Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін хаб қағидатымен тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін интеграциялау арқылы бірыңғай экономикалық нарықты қалыптастыру, көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне интеграциялау, транзит әлеуетін іске асыру

Міндеттер

1) Қазақстанның заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ оның халықаралық көлік жүйесіне интеграциялануын қамтамасыз ету;

2) индустриялық инфрақұрылымды және туристік инфрақұрылымды дамыту;

3) Бірыңғай электр энергетикалық жүйе шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайту;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту (реконструкциялау және салу);

5) білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту;

6) кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

7) отандық машина жасауды қолдау;

8) экспортты қолдау;

9) АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

10) "Бизнестің жол картасы – 2020" кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай бағдарламасының жобаларын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

11) зертхана базаларын дамыту арқылы өнім сапасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

12) болжамды ресурстарды бағалай отырып, Қазақстан аумағының зерттелуін қамтамасыз ету.

Іске асыру мерзімі

2015 2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу:

1) 2019 жылы 2014 жылға қатысты ЖІӨ-нің 8,7 %-ға дейін өсуін қамтамасыз ету;

2) 2015 2019 жылдары 392,9 мың адамға арналған жұмыс орындарын құру, оның ішінде:

тұрақты 96,5 мың адам;

уақытша 296,4 мың адам;

3) 2019 жылы базалық инфрақұрылым сапасы бойынша ДЭФ рейтингін 57-орынға дейін жоғарылату;

4) 2019 жылы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы, оның ішінде теміржол және автомобиль көлігі түрлерімен транзиттік жүктердің көлемін 18,1 млн. тоннаға дейін ұлғайту;

5) 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдардан түсетін кірістерді жылына 4 млрд. долларға дейін арттыру

Қаржыландыру көздері мен көлемі

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралары мен инвестициялық жобалары Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, республикалық және жергілікті бюджеттердің, халықаралық қаржы институттары мен ұйымдардың қаражаты, ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты, сондай-ақ жекеше инвестициялар есебінен 4,6 трлн. теңге жалпы индикативтік сомада қаржыландырылатын болады, оның ішінде:

Қаржыландыру көздері Қажетті қаражат (млрд. теңге)

Бағдарлама бойынша барлық шығыстар: 4 647,7

Республикалық бюджет 1 513,8

Ұлттық қор 1 307,9

Жергілікті бюджет 3,3

Халықаралық қаржы институттары мен ұйымдар 537,8

Ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты 697,5

Жекеше инвестициялар мен МЖӘ 135,4

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты 47,5

Екінші деңгейдегі банктердің қарыз қаражаты 358,1

Осы Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ "100 нақты қадам" Ұлт жоспары институционалдық реформаларының бесінші бағытын іске асыру мақсатында әзірленді.  
Бағдарлама Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалаларын заманауи инфрақұрылымы бар ұлттық және халықаралық деңгейдегі хаб-қалалар ретінде айқындай отырып, елдің макроөңірлерін қалыптастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құруға және мемлекеттік көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Хаб-қалалар макроөңірлердің экономикалық белсенділігінің орталықтары, капитал, ресурстар, озық технологиялар мен көрсетілетін қызметтер шоғырланатын орталықтар болады, көші-қон ағындарының тартылыс нүктелеріне айналады және табиғи урбандалуға ықпал етеді. Макроөңірлердің басқа ірі қалалары немесе екінші деңгейдегі қалалар хаб-қаламен "шұғыла" қағидаты бойынша байланысты болады.
Хаб-қалаларды дамыту және макроөңірлер интеграциясы көлік, индустриялық, тұрғын үй, әлеуметтік және энергетикалық инфрақұрылымдарды тиімді дамыту негізінде қамтамасыз етіледі, құрылыс материалдарына, өнеркәсіп өніміне және жабдыққа елеулі сұраныс тудырады, өңдеу өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді.
Жаһандану жағдайында Қазақстан экономикасын әлемдік жүйемен сәтті интеграциялау үшін мультимодальды тасымалдарды дамыта отырып, халықаралық заманауи көлік дәліздері жұмыс істейтін болады.
Іскерлік белсенділікті ұлғайту мақсатында өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта бизнес, ірі кәсіпкерлік үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасады.
Полная версия
ИС BestProfi