Близость слов: Окончание:





Ақтау халықаралық теңіз сауда портының кейбір мәселелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және "Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiн беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 768 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 544 қаулысы
Редакция 22.11.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы "Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
3. "Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiн беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 768 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 307-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Б. Сағынтаев   
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 544 
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер  
1. "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 377-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 108-жол мынадай редакцияда жазылсын:

108.

"Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ

"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілуі көзделген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекет аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде есепте тұр.

 

".

2. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
"Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:
реттік нөмірі 71-жол мынадай редакцияда жазылсын:

71.

"Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ акциялар пакетінің 100 %

 

";

"Халықаралық маңызы мәртебесі бар теңіз порттары" деген бөлім және реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.11.2022 жылғы № 935 Қаулысына сәйкес (03.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)
4. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
реттік нөмірі 39-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"39. "Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы".
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 18.08.2022 жылғы № 571 Қаулысына сәйкес (03.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)
6. "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77 – 79, 588-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге жататын ұлттық басқарушы холдингтердің және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ірі ұйымдарының тізбесінде:
реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

28.

"Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

 

".

Полная версия
ИС BestProfi