БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 16.06.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығына және «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 8 тамыздағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 қыркүйекте № 17387 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекет тіркеу тізілімінде № 10685 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 сәуірде ресми жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2-тарау. Даму стратегиясының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу және ұсыну тәртібі»;
«6. Атқарушы орган Даму стратегиясының орындалуы жөніндегі есепті бекіту мәселесі жөнінде компанияның директорлар кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны бекіту туралы директорлар кеңесі шешімінің көшірмесін сканерден өткізілген электрондық есепке тіркеп, Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізу үшін Бірыңғай операторға электрондық есепті жібереді, сондай-ақ даму стратегиясының іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін аталған есепті қағаз түрінде тиісті саланың уәкілетті органына жібереді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2-тарау. Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу және ұсыну тәртібі»;
«6. Атқарушы орган Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекіту мәселесі жөнінде компанияның директорлар кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені алған мерзімнен бастап бес жұмыс күні ішінде оны бекіту туралы директорлар кеңесі шешімінің сканерден өткізілген көшірмесін электрондық есепке тіркеп, Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізу үшін Бірыңғай операторға электрондық есепті жібереді, сондай-ақ даму стратегиясының іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін іске асыру үшін аталған есепті қағаз түрінде тиісті саланың уәкілетті органына жібереді.»;
Полная версия

